Мәскеуде «38 тотықұс» мультфильмінің режиссері И.Уфимцев қайтыс болды

АСТАНА. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат - Мәскеуде «38 тотықұс» мультфильмін жасаған, режиссер-мультпликатор, Ресейдің халық әртісі Иван Уфимцев қайтыс болды, деп хабарлайды «Ресей 24».

И.Уфимцев 1928 жылы Свердловта туған. ГИТИС-тің режиссерлік факультетін бітірген. «Союзмультфильм» киностудиясында 40-тан артық анимациялық лента түсірген, сондай-ақ кинофильмдерде рөлдер ойнаған.