Агенттіктің ақпаратына сәйкес, еш жерде жұмыс істемейтін 33 жастағы ер адам дүйсенбіде көлігінің қолды болғаны туралы шағыммен полицияға жүгінген. Жәбірленуші көлігін Свобода көшесіндегі 56-шы үйдің жанындағы автотұрақтан 30 желтоқсан 19:30 бен 2016 жылғы 4 қаңтар аралығында айдап кеткенін мәлімдеген.
Құқық қорғаушылар көлікті 9,1 миллион рубльге бағалады.
23:06, 06 Қаңтар 2016
Мәскеуде 9 миллион рубль тұратын «Порше» көлігін ұрлатып алған адам өзінің жұмыссыз екенін айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұмыссыз мәскеуліктің 9 миллион рубль тұратын спорттық көлігін ұрлап кетті. Бұл туралы құқық қорғау органдарына сілтеме жасай отырып «Интерфакс» агенттігі хабарлады.