Мәскеуде 90 адамда «доңыз тұмауы» диагнозы расталуы мүмкін

АСТАНА. Шілденің 27-сі. ҚазАқпарат - A(H1N1) тұмауын жұқтырған деген күдікпен барлық науқастар жеткізілетін Мәскеудегі №1 инфекциялық аурухана пациенттерге толып кетті,

 деп   хабарлайды ҚазАқпарат  Utro.ru сайтына  сілтеме  жасап.

«Бізге жаңа тұмауды  жұқтырғандармен  қарым-қатынаста  болған 90-ға жуық  адам  келіп түсті.  Олар  әрқайсысы 45  орындық екі бөлімді толтырды.   Жаңадан түскендерді  біз басқа  бөлімдерге  жатқызудамыз»,  -   деп хабарлады    ауруханадағы  есімін атамаған   дереккөз.