Мәскеуде Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

МӘСКЕУ. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Мәскеуде, кеше Абай Құнанбаевтың туған күнінде, Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің дипломаттары мен қазақ диаспорасының өкілдері Чистые пруды ауданындағы Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды,

деп  хабарлады Қазақстан  Елшілігінің  баспасөз қызметінен.

Салтанатты рәсімге сондай-ақ,    М.Горький атындағы  Әлем әдебиеті  институтының  жетекші  ғылыми қызметкері О.Овчаренко  ханым қатысты.  Ол   өз  сөзінде,   қазақ  пен орыс әдебиетінің   ұзақ  жылдар бойғы    байланысы  туралы  әңгімелеп берді.  Ал ақын-аудармашы  Г.Онанян   өзі орыс тіліне аударған  Абайдың  өлеңін оқып берді.   Қазақ диаспорасының  балалары  да   ана тілінде Абай  өлеңдерін   оқыды.

Ресей  елордасындағы Абай ескерткіші   2006   жылы сәуірдің  4-інде  Қазақстан  мен Ресей  Президенттерінің  қатысуымен    ашылған   болатын.