деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған баспаның баспасөз баянына сілтеме жасап.
Ақпаратқа толы, жеңіл оқылатын бұл кітап еліміздің кешегісі мен бүгінін баяндайды. Автор кітабында Қазақстанға өзінің шынайы құрметін білдірген. Кітапта Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылық және адамгершілік қасиеттері жылы сезіммен сипатталады.
Бұл кітап АҚШ пен Ұлыбританияда сыншылар мен оқырмандар тарапынан жоғары бағалаған болатын, ал осы елдердің елшіліктері оның таралуына белсене жәрдемдесті.
Кристофер Роббинс - «Сага» беделді әдебиет сыйлығына ие болған Батыстағы танымал журналист әрі жазушы. Ол көптеген деректі шығармалардың авторы.