Мәскеуде актер Ефремовтің ісі бойынша сот жабық өтеді

Фото: None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – 29 шілдеде Мәскеу қаласының Пресненский сотында Ресей актері Михаил Ефремовтің ісі бойынша алдын ала тыңдау өткізіледі. Белгілі актер Мәскеу орталығында бір адамның өліміне әкелген жол-көлік оқиғасында айыпталып отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Соттың баспасөз хатшысы Лела Кокаяның айтуынша, отырыс жергілікті уақытпен сағат 11:00-ге белгіленген. Ол жабық режимде өтеді.

Алдын ала тыңдау кезінде сот тараптар өтініштерін қарастырып, істің қаралатын күнін белгілейді, бұлтартпау шарасын ұзартады. Ефремовтің үйқамақта отыру мерзімі 9 тамызда аяқталады.

Іс бойынша жәбірленушілер болып төрт адам танылған: ол жол-көлік оқиғасында қайтыс болған Сергей Захаровтің жесірі, ағасы және екі ұлы. Олардың барлығы сотта Ефремовқа азаматтық талаптарын ұсынуда жоспарлап отыр. Олардың өкілі Александр Дубровинский талап арыздардың жалпы сомасын атаған жоқ. Бірақ адвокат Пашаев мәселе 40 млн рубль жайында екеніне сенімді.

Қайтыс болған Захаровтің отбасы актерден өтемақы алудан бас тартты.

Еске салсақ, мас күйінде жол апатына түскен ресейлік актер Михаил Ефремов үндеу жасады.



Соңғы жаңалықтар