Мәскеуде актер Олег Янковский дүниеден озды

None
МӘСКЕУ. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат - Мәскеу емханаларының бірінде бүгін таңертең танымал актер Олег Янковский дүниеден озды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Актер ұзақ уақыт бойы ұйқы безінің қатерлі ісігімен ауырып келген. О.Янковский 1944 жылы туған. Актер ондаған кинофильмге түскен, олардың ішіндегі ең танымалдары - «Полеты во сне и наяву», «Мой ласковый и нежный зверь», «Зеркало», «Ностальгия», «Крейцерова соната», «Обыкновенное чудо» және т.б. фильмдер. О.Янковский - КСРО Халық әртісі (1991г.), Лениндік комсомол сыйлығының лауреаты (1977 ж.), КСРО Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (1987 ж.), РСФСР-дың ағайынды Васильевтер атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (1989 ж.).