Мәскеуде әлемдегі ең үлкен сағат орнатылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде Лубянка алаңындағы орталық балалар дүкенінің алдына ең үлкен сағат орнату жоспарлануда, деп хабарлады moya-planeta.ru.

Ол әлемдегі ең үлкен сағат болмақ және Биг-Бен, Кремльдік куранттар, Прага мұнарасындағы және Гуаньчжоудағы сағаттар тәрізді танымал әлемдік механикалық сағаттар бестігіне кіреді деп ұйғарылып отыр.

Сағатты «Ракета» сағат зауыты жасауда. Алюминийден, болаттан және жезден жасалған сағат механизмінің салмағы - 5 тонна. Балалар дүкеніне сағат 2014 жылдың желтоқсанының басында орнатылады деп жоспарланып отыр. Сағат механизмінің көлемі 6х7 м, ол 21 тегершіктен, диаметрі 3 м, ұзындығы 13 метр маятниктен тұрады. Бүгінде мұндай көлемді тегершігі бар жұмыс сағаттары жоқ.