Мәскеуде әнші Владимир Кузьминнің ұлы мерт болды

АСТАНА. Қазанның  19-ы. ҚазАқпарат - Мәскеу  милициясы    танымал  әнші Владимир  Кузьминнің  ұлы - Степан  Кузьминнің    өлімінің  мән-жайын тексеруде,

деп   хабарлайды ИТАР-ТАСС  агенттігі.

 Құқық қорғау  органдарының  мәлімдемесі  бойынша, жас жігіт   жексенбі күні күндіз      Мәскеудің  оңтүстік-батысындағы  тұрғын үйлердің бірінің 17-ші қабатынан   құлап  кеткен.

 Дерек көздің   айтуынша,  оқиға Пилюгин  көшесіндегі 12-ші үйде  болған. «Әзірге анықталмаған  себептермен  Степан  Кузьмин  (1983 жылы туған)   терезеден құлап  кетіп, алған  жарақаттардан оқиға орнында көз жұмған».

 Оқиға  бойынша   құқық қорғау органдары тексеру  жүргізіп  жатыр.