Шараның мақсаты - сарапшылар мен ресейлік және халықаралық жұртшылыққа жаңартылған астананы, оның жетістіктерін, іскерлік және туристік әлеуетін таныту.
Конференцияға Ресей мен Қазақстанның қала құрылысы саласындағы мамандары шақырылды. Олар Астананың қалыптасуының ерекше тарихымен, елорданың бүгінгі жай-күйімен, танымал нысандарымен және 20 жыл аралығында жеткен жетістіктерімен бөлісті. Сондай-ақ, келген қонақтар Қазақстан астанасының келешек дамуы мен инвестициялық әлеуетін талқылады.