Жеңіл автомобиль Мәскеудің батысындағы автотұрақтың төртінші қабатынан құлады, салдарынан адамдар жаншылып қалды. Бұл туралы «Интерфаксқа» ел астанасының жедел қызметтеріндегі ақпарат көзі хабарлады.
Агенттіктің ақпарат көзінің айтуынша, бұл оқыс оқиға «Маршал Прошляков көшесі, 14» мекен-жайында орын алды. Оқиға орнында қаланың жедел қызметтері жұмыс істеуде.