«Сарғылт» деңгей ауа райы қауіпті дегенді білдіреді. Табиғи апаттар, зақымдар болуы мүмкін», - деп атап өтуде синоптиктер.
Қауіптіліктің осындай деңгейі Кострома облысы үшін де енгізілді. Орталық федералды аймақтың қалған өңірлерінде оның деңгейі - «сары».
Болжамдарға сәйкес, алдағы түні Мәскеуде -30-35 градус аяз тұрады.
Бұған дейін хабарланғандай, биылғы 7 қаңтар (Рождество мерекесі күні) Мәскеуде соңғы 120 жыл ішіндегі ең аяздысы болды. Метеорологтардың мәліметінше, РФ астанасында температура минус 29,9 градусқа дейін, ал облыста - 33,4 градусқа дейін суытты.