Мәскеуде банк бөлімшесінде адамдарды тұтқынға алған күдікті өлтірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде банк бөлімшесінде адамдарды тұтқынға алған күдікті ғимаратқа жедел әрекет ету тобының қызметкерлері басып кіруі кезінде өлтірілді, деп хабарлайды ТАСС.

Оқиға орнында, яғни банк ғимаратында жарылғышы затты залалсыздандыру қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Көзі жойылған күдіктінің қолында жарылғышқа ұқсас зат бар.

Еске сала кетейік, сәрсенбі күні кешке қарай Мәскеудің шығыс аумағында банк бөліміне қарулы шабуыл жасалды. Күдікті ер адам банк қызметкерлерін тұтқынға алды. Ол полициядан ірі сомада ақша талап етіп, айтқанын істемесе ғимаратты жарып жіберетінін айтқан.