«Қазіргі уақытта операция аяқталды. Бөлімшені басып алған адам келіссөздер барысында полицияға өз еркімен беріліп, қамауға алынған», - деді ол.
Оқиғаны білетіндердің айтуынша, ол телеарналар өзінің үндеуін көрсетуін талап еткен. Бұдан кейін оған федеральдық телеарналардың түсірілім тобы жеткізілген. Содан соң ол кейдесіндегі қорапта жарылғыштың жоқтығын, тұз екендігін айтып берілетіндігін мәлімдеген.
Еске сала кетсек, кешке қарай белгісіз ер адам Мәскеу орталығындағы «Ситибанкті» басып алған. Ол төрт адамды кепілге алып, бөлімшені жарып жіберетіндігін айтып, полициямен келіссөз жүргізуді талап етті, деп хабарлайды ресейлік РИА Новости агенттігі.
Кәсіпкер ғаламторда Ресей президентіне видео үндеуін жария етті, онда ол өзінің заң бұзуға не мәжбүр еткенін айтып өткен.
Оның кеудесінде жарылғышқа ұқсайтын қорап болған. Тергеу комитеті адамдарды кепілге алу бойынша іс қозғады. Банк тұрған көше жабылып, онда арнайы жасақ және саперлер тартылды.
Келіссөздерден кейін ер адам екі кепілге алынған адамды босатты, кейін тағы бірі сыртқа шықты.
Дереккөздердің хабарлауынша банкті Арам Петросян атты банкрот болған кәсіпкер басып алған.