Полицияға шығармашылық студияның директоры шағымданды. Оның айтуынша, белгісіз біреулер екі фотоаппарат пен 30 мың рубльді ұрлаған.
Тексеру жұмыстары ұрылардың студияға кілтпен кіргенін анықтаған. Жалпы материалдық шығын 180 мың рубльді құрапты. Ресей ІІМ тонау фактісін растады. Аталмыш оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілерді іздеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.