Мәскеуде баспаханада болған өрттен қаза тапқан 17 адамның 4-еуі Ресей азаматы болған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудегі Алтуфьев тас жолында орналасқан "Печатный экспресс" баспаханасы ғимаратында өрт шығып, нақты ақпарат бойынша, 17 адам қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости Мәскеу төтенше қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Өртте қаза тапқан 17 адамның 14-і Қырғызстан азаматтары, қалған үшеуі ресейлік», - деді төтенше қызмет өкілі.

Оның айтуынша, зардап шеккен тағы үш адам ауруханада жатыр.

Өрт сенбі күні таңертең Мәскеудегі Алтуфьев тас жолында орналасқан баспахана ғимаратынан шыққан. Тергеу комитеті шамдағы қысқа тұйықталудан өрт шығуы мүмкін деп болжауда. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу туралы қылмыстық іс қозғалды. 

Фото: Евгений Одиноков