Шараға Ресей ардагерлер комитетінің өкілдері, ғылыми орта, мұражай қызметкерлері, Волоколамск әскери даңқ қаласы іздестіру жасағының өкілдері, РФ-дағы ҚР Әскери атташесі, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты. Еске алу шарасының негізгі қонақтары ҰОС ардаргерлері - аты аңызға айналған Панфиловшылар дивизиясының қатардағы жауынгерлері, сондай-ақ аты аңызға айналған И.В. Панфиловтың немересі - Елена Панфилова қатысты. Шара басында РЖО Жоғарғы шығармашылық кеңесінің мүшесі, Ресей әдеби сыйлық лауреаты Валентин Осипов атап өткендей, панфиловшылардың ерлігі мен Мәскеу қорғанысына қосқан баға жетпес үлесі және жалпы алғанда, Жеңісі біздің жадымызда мәңгіге сақталады.
Әрі, аты аңызға айналған ерліктің дербес құқықтылығын сақтау, оны бұрмалау әрекетінің жолын кесу мақсатында, оның әскерлері мен олардың ұрпақтарына құрмет ретінде В. Осипов бүгінде көзі тірі панфиловшыларға, оның немерелері мен шөберелеріне жазбаша алғыс білдіру туралы ұсыныс білдірді.
«Батыр панфиловшылардың бүгінде көзі тірілерінің, немерелері, шөберелерінің тізімін жасап, Жеңістің 75-жылдық мерейтойында оларға біз олардың аталары мен бабаларын мәңгі жадымызда сақтайтынымыз туралы алғыс хат жолдауымыз қажет», - деп ұсынды ол.
Панфиловшы ардагерлер Владимир Бурцев и Владимир Литваков Панфиловшылар дивизиясы қатарындағы өз қызметтері жайлы естеліктер айтты.
Ардагерлер панфиловшылардың ерліктеріне құрметпен қарап, жауынгерлік жолдастарымен кездесуге ықпал еткен шара ұйымдастырушыларына алғыс сезімдерін білдірді. Өз кезегінде, Елена Панфилова да алғысын айтты.
Шара барысында панфиловшылар мен ҰОС-тың басқа да батырларының ерлігін бұрмалау әрекеттеріне байланысты жағдайлар талқыланды.
Еске сала кетейік, 316-шы атқыштар дивизиясы Алматы қаласында 1941 жылдың шілде-тамызында құрылған болатын. Дивизия жеке құрылымы Алматы қаласының, Алматы облысының, Қазақстанның басқа да аймақтарының және қырғыз елінің әскери міндетті тұрғындарынан жасақталды. 1941 жылдың қазан-қарашасында Мәскеуді қорғауда көрсеткен теңдессіз ерлігі пен батылдығы үшін дивизияға 8-гвардиялық атқыштар дивизиясы аты берілді, ал кейініректе дивизияға 1941 жылдың 18 қарашасында Мәскеу облысының Волоколамск қаласының маңында қаза тапқан, дивизияның тұңғыш командирі Иван Васильевич Панфиловтың аты берілді. Панфиловшы жауынгерлер Псков облысын, Латвияны, Литваны неміс-фашист басқыншыларынан қорғауға қатысты. Панфилов дивизиясы Ленин орденімен, Қызыл ту орденімен, екінші дәрежелі Суворов орденімен, марапатталды.
Алматыда 28 жауынгер-панфиловшылар атындағы саябақ бар. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Астанадағы Қошқарбаев пен Жұмабаев көшелерінің қиылысында орналасқан "Жерұйық" саябағында генерал И.В. Панфиловтың ескерткіші ашылды.