Мәскеуде бортында қытайлық туристер болған ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің ТК Мәскеу көліктегі өңіраралық тергеу басқармасы жұма күні Шереметьево әуежайына шұғыл қонған ұшақ бортындағы ҚХР азаматының өліміне қатысты тергеуалды тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлады ведомство.

РИА Новости хабарлағандай, алдын ала мәліметтер бойынша, бүгін сағат 5.01 Шереметьево әуежайында Бейжің-Прага бағытында ұшқан ұшақ қонуға мәжбүр болған. Ұшақтың шұғыл қонуына дәретханада ҚХР туристік тобымен ұшқан бір жолаушы мәйітінің табылуы себеп болды. Қайтыс болған адамның әйелінің сөзіне қарағанда, оның жүрегі сыр берген. Ұшақ бортына келген дәрігерлер жолаушының көз жұмғанын айтты. Алдын ала болжам бойынша жүрек ақаулығы салдарынан ажал құшқан.

"Ресейдің Тергеу комитеті Мәскеу көліктегі өңіраралық тергеу басқармасының тергеу органдары 1950 жылы туған ҚХР азаматының өліміне қатысты тергеуалды тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр ", - деп хабарлады ведомство.

Тексеру нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.