Белгілі болғандай, ол күндіз өзенге балық аулауға шыққан.
Оқиға орнына жеткен дәрігерлер Владимир жай түсіп, қаза тапқанын анықтады.
Еске салсақ, күндіз дауыл кезінде Дмитров ауданы мен Софьино ауылында ер адамдар ажал құшқан болатын.
Мәскеуде мұндай жауын 1923 жылдан бері болмаған. Бірнеше сағаттың ішінде бірқатар ауданда 34 мм-ге дейін жауын-шашын түсті, бір айлық норма - 75 мм. Салдарынан Шереметьево әуежайының ұшып-қону алаңын су басты, жүздеген рейс кейінге шегерілді. Құйынды дауыл ағаштарды құлатты, адамдар зардап шекті. Бірнеше интернет-сайт табиғаттың тосын мінезін тікелей эфирден көрсетіп отырды.