«Апат Герасим Курин көшесі маңында болды. Соқтығысу салдарынан электр пойызының бір вагоны рельстен шығып кетті», - деп мәлім етті агенттікке ақпар беруші.
Оқыс оқиғадан төрт адам зардап шекті.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қала маңына қатынайтын пойыз тежегіші істен шыққандықтан болар артқа шегініп кеткен. «Пойыздың тежегіші істен шықты. Ол кері қарай жүріп кетті. Жолаушыларға мықты ұстанып отыруды немесе вагонның бас жағына қарай бару қажеттілігін ескерту үшін жүгіріп вагондарды аралап шықтым», - дейді куәгер Дмитрий. Оның айтуынша, электр пойызының жылдамдығы үдеп, артта келе жатқан пойызға соғылған.