Мәскеуде екінші ресейлік-қазақстандық жастар дипломатиясының мектебі өтті

None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Мәскеуде екінші ресейлік-қазақстандық жастар дипломатиясының мектебі өтті. Оны РФ-дағы Қазақстан Елшілігі Жоғары экономика мектебімен бірлесіп ұйымдастырды.

Бұл жаңа білім беру жобасы өткен жылы екі мемлекет арасындағы гуманитарлық байланысты нығайту үшін құрылды. Екі күндік семинарды ашқан Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің кеңесші-елшісі Ерлан Байжанов қазақстандық және ресейлік жастардың тығыз кәсіби қарым-қатынасы екі жақты ынтымақтастықты нығайту тұрғысында үлкен маңызға ие екенін атап өтті.

«Өтіп жатқан оқулардың мақсаты - интеграциялық үдерістердің дамуы, сондай-ақ жастардың қоғамдық дипломатиясын дамыту тақырыбында екі ел жастарының диалогына ықпалдасу», - деп атап өтті ол.

Британиялық дизайн мектебіндегі «Маркетинг және бренд-менеджмент» курсының кураторы Андрей Пуртов елдің тартымды брендін құру үшін бұқаралық аудитория үшін қызықты жобаларды жүзеге асыру керектігін атап өтті.

Соның ішінде ол Қазақстан үшін «Экспо-2017 Астана» көрмесі ұлттық брендті дамытуға мүмкіндік беріп отырғанын айтты.

«Сол кезде елді таңдай бастайды: инвестиция құяды, туристік сапарларға, жұмыс жасауға келеді, блогосферада елге қатысты жағымды пікірлерді білдіретін болады. Жастардың дипломатиясы осы үшін керек. Өйткені бүгінде ресми каналдардың ұмтылысы жеткіліксіз», - деп атап өтті сарапшы.