Астаналық полиция баспасөз қызметі хабарлағандай, тот басқан оқ-дәріні Мәскеу әскери гарнизонының саперлері полигонға жою үшін алып кетті. «Салмағы 100 келі болатын бомбаны Ленинград тас жолындағы 47-үйдің маңында қазандық қазып жатқан экскаваторшы байқап қалған. Оқиға орнын полиция қоршауға алды. Артынша әскери гарнизонның саперлері ТЖМ қызметкерлерімен бірлесіп, қаруды Мәскеу маңындағы полигонға жою үшін алып кетті», - деп хабарлады баспасөз қызметі бұл оқиғаның кеше, кешқұрым болғандығын нақтылай отырып.
16:40, 24 Мамыр 2014
Мәскеуде экскаваторшы Ленинград тас жолында жүз келілік авиабомба тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудің солтүстігінде қазандық қазып жатқан кезде Ұлы Отан соғысы кезіндегі авиациялық бомба табылды.