Мәскеуде ер адам травматикалық тапаншадан автобуста оқ атты

АСТАНА. 5 тамыз. ҚазАқпарат - Мәскеуде белгісіз ер адам травматикалық тапаншадан автобуста оқ атты, деп хабарлайды РБК астаналық құқық қорғау органдарындағы дереккөзіне сілтеме жасап.

Оқиға 3 тамыз күні Мәскеу уақыты бойынша сағат 15:30 шамасында болған. Оқиға орнына келіп жеткен полиция қызметкерлері оқ атушының мас болғандығын анықтады. Ер адам травматикалық тапаншадан жұргізуші орындығына қарай сегіз рет оқ атқан. Абырой болғанда оқ автобустың әйнектерін ғана сындырып, адамдарға тимеген. Ол оқиға орнынан бой тасалағысы келген, алайда оны ГИБДД қызметкерлері ұзатпай құрықтады.

Ұсталған адам 45 жастағы жұмыссыз жүрген Мәскеу тұрғыны болып шықты. Одан сол бойда 9 мм. калибрлі ИЖ-79 травматикалық тапаншасы тартып алынды. Азамат қаруды өткен жылы заңды түрде сатып алғандығы анықталды.