Мәскеуде «Еуровидение-2009» фестивалі ашылды

МӘСКЕУ. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат – Мәскеудегі «Манеж» орталық көрме залында «Еуровидение-2009» халықаралық фестивалі ашылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап. «Мәскеу эстрада әндерінің көрнекті орындаушыларына өзінің құшағын ашты», - деді оның ашылу салтанатында сөз алған Ресей астанасының мэрі Юрий Лужков. Биылғы фестивалдің ерекшелігі ? оған 53 жыл бойы өткізіліп отырылған осынау халықаралық өнер додасының жеңімпаздары шақырылды. Фестивальдің қазылар алқасының төрағасы ресейлік танымал әнші Филипп Киркоров. «Еуровидение-2009» өнер жарысының жүргізушілері - Андрей Малахов, Наталья Водянова, Алсу және Иван Ургант. Халықаралық фестивальдің басты оқиғалары ? екі жартылай финал және финалы мамырдың 12-сі, 14-і және 16-сы күндері өткізіледі.