«Оқиға орнын жедел-тергеу тобы сарапшы мен кинологтың қатысумен мұқият тексерілді. Қызметтік ит із алып, полицейлерді Мосфильм көшесіне дейін жетелеп апарды. Одан әрі із жоғалған, сірә, қылмыскерлер машинамен кетпкен болуы керек», - дейді ведомство өкілі.
Кейіннен мәскеу полицейлері бөлшектелген ескерткішті түсті металдар қабылдау пунктінен тапты. Мәскеуде бұл іске күдікті бес адам ұсталған. Астананың Батыс округі бойынша ІІБ қызметкерлері заттай айғақтар ретінде қола мүсіннің бөлшектерін алды. Тергеу амалдары жүргізілуде.