Мәскеуде ІІМ ішкі әскер барлауы басшысының бұрынғы орынбасары өзін-өзі атып өлтірді

None
АСТАНА. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат -Мәскеуде Ішкі істер министрлігі Ішкі әскер бас комиссариатының барлау басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары генерал-майор Валерий Червизов өзін-өзі атып өлтірді.

Бұл туралы РФ Прокуратурасының жанындағы Тергеу комитетінің Мәскеу қаласы бойынша тергеу басқармасының ресми өкілі Сергей Марченко мәлім етті, деп хабарлады РБК агенттігі.

Әзірге тергеушілер, В.Червизовтың бүгін, қазанның 4-і күні таңертең Веерная көшесі, 30-шы үйде орналасқан пәтерінен шығып, 16-шы қабатқа көтеріліп, наградалық тапаншасынан өзінің самайына оқ атқанын анықтап отыр. Оқиға орнында ешқандай хат табылмаған.

В.Червизов небәрі 47 жаста болған. 2002 жылы зейнетке шыққаннан кейін ол Күзет-құқықтық қорғау кәсіпорындары қауымдастығын басқарып келген.