Мәскеуде ішінде 6 адам бар лифт 19-қабаттан құлап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудің солтүстік-шығысында Алтуфьевский тас жолының бойына орналасқан көп қабатты үйде жүк лифтісі  құлап етті.

Бұл туралы "Рен ТВ" хабарлады.

19-ыншы қабаттан төмен түскен лифтінің ішінде  алты адам болған. Екінші қабатқа жеткен сәтте сым арқан үзіліп кетіп, кабина жертөлеге құлады.

Алдын ала деректерге қарағанда, оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген.