Мәскеуде іздеуде жүрген қазақстандық ұсталды

АСТАНА. 23 мамыр. ҚазАқпарат - Мәскеуде іздеуде жүрген қазақстандық азамат ұсталды.

Бұл туралы бүгін ІІМ-де өткен брифинг барысында ведомство баспасөз қызметінің басшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті.

«15 мамырда Жамбыл облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері РФ құқық қорғау органдары қызметкерлерімен бірлесіп, Мәскеу қаласында іздестіруде жүрген қылмыстық топтың жетекшісін ұстады», - дейді Н. Ораз.

Оның айтуынша, ұсталған азаматты есірткі заттары мен қаруды заңсыз сақтағаны үшін Қордай аудандық соты 6,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кескен. Қазіргі уақытта қылмыскерді экстрадициялау мәселесі шешілуде.