Конференция еуразиялық интеграцияның даму жолдарын іздеуге арналған.
«Биыл экономиканың негізгі салаларында ынтымақтастықтың стратегиялық бағыттарын, валюталық-қаржы интеграциясы мәселелерін талқылау жоспарланады, - деп түсіндірді баспасөз орталығында, - ЕАЭО аясында мемлекетаралық өзара іс-әрекетті нығайту тақырыбына баса назар аударылатын болады. Конференция бағдарламасында өңірдегі халықаралық даму банктерінің проблемалары мен перспективаларын қарау көзделген».