АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде мылтықпен қаруланған адам мектепке кіріп келіп, полиция қызметкерін атқан. Сонымен қатар ол 10 сынып оқушыларын кепілдікке алды.
Бұл жайында Ресей БАҚ-тары Мәскеудің құқық қорғау органдарына сілтеме жасап хабарлауда.
Құқық қорғаушылардың айтуынша, қаскүнем мектеп оқушыларының бірінің әкесі. Оның қолынан мектеп ғимаратында кезекшілігін атқарып отырған полиция мерт болды. Тап қазіргі уақытта 10 сынып оқушыларын кепілдікке алып отыр.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.