Оқиға Киев күре жолында орын алған. Жүргізуші құрылыс нысанына бара жатқанда, жолын қылмыскерлер бөгеді. Үш қаскүнем ер адамды қарумен қорқытып, байлап тастап, соққыға жықты. Алайда көлікке мінген олар экскаватордың қозғалыс жылдамдығы қылмыстың ізін жасыруға көмектеспейтінін есепке алмады.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Пенза, Мәскеу және Молдова республикасының тұрғындарын ұстап, электрошокер мен газ тапаншасын тәркіледі. Оларға қатысты қарақшылық шабуыл фактісімен қылмыстық қозғалған.