Мәскеуде қазақ ғарышкері туралы кітаптың таныстырылымы өтті

АСТАНА. Тамыздың 22-сі. ҚазАқпарат /Нарымбек Исмағұлов/ - Жұма күні Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Елшілігінің резиденциясында танымал журналист, біздің агенттіктің меншікті тілшісі Сара Нұрғалиеваның «Теңдік белгісі» атты кітабының таныстырылымына орайластырылған ұшқыш-ғарышкерлердің кездесуі өтті,

деп  хабарлайды  ҚазАқпарат.

Қазақ ғарышкері,  Халық  Қаһарманы  және  Ресей  Батыры   Талғат  Мұсабаевқа   арналған деректі  повестің   таныстырылымына орайластырылған  кездесуге    ұшқыш-ғарышкерлер -  Юрий Маленченко, Юрий Батурин, Анатолий Арцыбарский,   кітаптың    бас кейіпкері  Т.Мұсабаев,    1992-1994 жылдардағы Ленинск  қаласы әкімшілігінің бірінші басшысы   Виталий Брынкин  және    тағдырлары  ұзақ жылдар бойы  ғарышты игерумен  байланысты   болған   басқа да тұлғалар    қатысты.

В.Брынкиннің айтуынша,   кітапта  ғылым мен    прогресс жолындағы,  Ресей мен  Қазақстанның ынтымақтастығын    нығайтудағы  Талғат  Мұсабаевтың    өмірлік жолы  мен   азаматтық ерлігі лайықты көрсетілген.

«Кітапты оқып   отырып,   барлық  жайттың    тартымды және   шынайы    баяндалғанына тәнті  болдым.     Осындай  жақсы кітап жазылғанына  қуаныштымын.  Талғат  Мұсабаев - жаһандық  ауқымдағы  адам»,  деді    ғарышкер А.Арцыбарский.

Кездесуге  қатысушылар  қазақстандық космонавтиканың  жылнамасын    қалыптастыруға қосқан   үлесі  үшін    кітап  авторы С.Нұрғалиеваны   шын жүректен  құттықтады.

Атап көрсетілгендей, кітап  «Қазақстан  ғарыш  сапары» ұлттық  компаниясы»  акционерлік қоғамының тапсырысы  бойынша     басып шығарылды,     бастапқы таралымы - 5 мың  дана.   Дегенмен,    жақын  арада кітаптың қазақ тілінде шығатыны,   одан кейін   ағылшын тілінде  шығару жоспарланып отырғаны    айтылды.