Негізгі айқастың біріне қазақстандық спортшы Арман Әшімов (6-2-1) шықты. Оның қарсыласы бразилиялық Эрвани Родриго Серра Мелонио (16-2) болды.
Үш раундқа созылған ең жеңіл салмақтағы жекпе-жекте Әшімов бірінші раундта қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.
Осылайша Арман кәсіпқой спортттағы жетінші жеңісіне қол жеткізді. Ал, Серра Мелонио үшін бұл үшінші жеңілісі.