Мәскеу астанасының құқық қорғау органдарында хабарлағандай, мереке кезінде қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ, деп хабарлайды РБК.
Қаланың жұмыс істеп жатқан 105 православтық храмдары мен шіркеулерінде құдайға құлшылық ету және қасиетті суды тарату шарасы өткізілді, оған шамамен 30 мың 470 адам қатысты. 2010 жылдың сәйкес кезеңінде құдайға құлшылық ету рәсіміне шамамен 40 мың адам қатысқан еді.
Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 1 мың 394 адам жұмылдырылды.