Мәскеуде қылмыскер бала бақшаны басып алды

None
АСТАНА. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат - Мәскеуде қаруланған қылмыскер Фрунзенский жағалауындағы бала бақшаны басып алды.

Ер адам түнгі күзет жанына өтіп, ғимарат ішіне кірген соң, аспазшыны кепілдікке алған, деп хабарлайды Утро.ру агенттігі.

Қылмыскердің іс-қимылын тоқтатуға тырысып жатқан құқық қорғаушылар оның мақсатын әлі білмей отыр. Қылмыскер де өз тарапынан ешқандай талап айтқан жоқ.