Мәскеуде Қырғызстаннан келген көше сыпырушыны атып кетті

АСТАНА. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат - Мәскеуде Қырғызстаннан келген көше сыпырушыға қарсы травматикалық тапаншадан оқ атылды.

Ресей астанасының құқық қорғау органдары РБК-ға хабарлағандай, оқиға «Рязань проспектісі» метро стансасы ауданындағы Молдағұлова көшесінде орын алды. Зардап шегушінің айтуынша, белгісіз азамат оны бетінен атқан.

Ауруханада анықталғанындай, Қырғызстан азаматының үстіңгі оң жақ қабағы мен оң жақ көзінің қарашығы зақымданған.

Осы оқиғаның жай-жапсары анықталуда.