«Ресей күніне арналған мерекелік іс-шараларды дайындау және өткізуге байланысты 8 - 12 маусым аралығында Қызыл алаң мен мавзолей жабылады», - деп келтірді РБК ведомство хабарламасының мәтінін.
Сондай- ақ, 12 маусымда келушілер Мәскеулік Кремльдің Қару-жарақ палатасына ғана кіре алады. Оларды Кремль аумағына Боровицк мұнарасы арқылы өткізу жоспарланған.
Ресей күні Мәскеу орталығында 30 мың көрерменге арналған концерт өтеді.
04:31, 09 Маусым 2012
Мәскеуде Қызыл алаң жабылды
МӘСКЕУ. 9 маусым. ҚазАқпарат - Мәскеу Қызыл алаңы Ресей күніне арналған мерекелік іс- шараларды дайындау және өткізуге байланысты 5 күнге жабылады. Бұл туралы Федералды күзет қызметінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады BNews.kz.