Мәскеуде лаңкестерді іздеу бойынша арнайы операция басталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ІІМ лаңкестерді ұстау үшін «Анаконда» арнайы операциясын бастады. Операция аясында адам көп жиналған орындарда тексеріс күшейтілді, деп хабарлады Утро ру. 

Life хабарлағандай, шара азаматтарда жарылғыш зат, қару, басқа да тыйым салынған заттарls4 бар-жоғын анықтау үшін жүргізіледі.
Операция жүргізуге байланысты қызметкерлерге 5 сәуір мен 11 мамыр аралығында Мәскеу мен Мәскеу маңы аумағына шығатын барлық көліктерді қарап-тексеру тапсырылды.