Жаңа әлемдік рекорд орнатқан Канада өкілі Патрик Чан (280,98) бірінші орынға шықты. Бұл оның әлемдік деңгейдегі алғашқы алтыны деп хабарлануда. Жапония спортшысы Такахиро Козуко (258,41) екінші орынды, ресейлік Артур Гачинский (241,86) үшінші орынды қанағат тұтты.
20:26, 28 Сәуір 2011
Мәскеуде мәнерлеп сырғанаудан өткен әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Денис Тен 14-ші орынға ие болды
МӘСКЕУ. 28 сәуір. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Мәскеуде 2011 жылғы мәнерлеп сырғанаудан өткен әлем чемпионатының қорытындысы бойынша ерлер арасында дара мәнерлеп сырғанаудан қазақстандық споршы Денис Тен 209,99 ұрпайға ие бола отырып, 14-ші орынға ие болды.