Мәскеуде мас қыз 9-шы қабаттан құлап, аман қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей астанасында ішімдікке сылқия тойған мектеп оқушысы 9 қабаттың терезесінен құлап, аман қалды. Оның тек қабырғасы ғана сынған, деп хабарлады бүгін lenta.ru.

Осы оқиғаға қатысты тараған мәліметтерде 15 жастағы қыздың ата-анасымен жанжалдасып қалғандығы айтылады. Спиртті ішімдік ішкенін білген қыздың ата-анасы оны жазаламақ болып, бөлмеге қамап қойған. Үйқамақта отырғысы келмеген оқушы терез арқылы достарына бармақ болған. Алайда, ол мақсатына жете алмай құлап кеткен.

Терезенің маңында өсіп тұрған ағаштар қыздың жерге бар салмағымен құлауына кедергі болған. Сөйтіп қыз ауыр жарақат алған жоқ.

Шілде айында үйде шыққан өрттен қашпақ болған мәскеулік азамат та 9-шы қабаттан секіріп кетіп, аман қалды.