Мәскеуде мереке күндері бұлттарды таратып жіберуге 180 млн. рубльден астам қаржы жұмсалуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде метеоқорғанысты күшейтуге, яғни 9 мамыр, 12 маусым және Қала күнінде бұлттарды таратуды ұйымдастыруға конкурс жарияланды.

Тапсырыс беруші - «Кольцевые магистрали» МКБ. Бастапқы баға 181,5 млн. рубльді құрады.

Дәстүрлі түрде Мәскеуде бұлттарды үш мерекеде таратады: Жеңіс күні, Ресей күні және Қала күні. Бұлттардан метеоқорғаныс үшін йодты күміс, құрғақ мұз бен ұсақ диспенсерлі цемент негізінде экологиялық таза реагенттер қолданылады. Метеорологтар бұлттарды «себу» деп атайтын шашыраңқы реагенттің ядроларындағы ылғалдылықтың шоғырлануына негізделеді. Сол кезде болатын реакция жаңбырдың қала аумағына жетпей жаууына әсер етеді.