Ұйықтап жатқан ер адам «бірінші вагонды тоқтату» белгісіне тоқтамай, тоннельге кіріп кеткен, содан кейін оны стоп-кранмен тоқтатуға тура келді. Бірінші вагон тоннельде қалды, одан адамдарды шығарып алу мүмкін болмады. Сөйтіп олар келесі стансадан бір-ақ шықты.
Белгілі болғандай, ұйықтап қалған машинист екі жылдан бері метрода жұмыс істейді. Бұл күні ол пойызды басқаруға таңертең 9-да отырған. Рейс алдындағы медициналық тексеру машинистің бойынан ешбір ауытқушылық байқамаған. Барлық көрсеткіш оң. Ер адам 5 сағат өткен соң ұйықтап кеткен.
Метрополитен басшылығы жағдайды талдап, машинист техникалық пайдалану қағидасын бұзды деген тұжырымға келді. Фото: Леонид Павлюченко/Дни.Ру