«Біздің дипломаттар қазақстандық студент қыз жатқызылған ауруханаға барды. Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Куәгерлерден оқиғаның қалай болғаны сұралып жатыр», - деді А.Жайнақов.
Ресми өкілдің айтуынша, ММХҚИ қазақстандық студенттің онда оқығанын растаған.
«Студенттің жеке басына қатысты ақпаратты тарата алмаймыз. Бойжеткен 1997 жылы туған», - деді А.Жайнақов.
Бұған дейін ресейлік БАҚ қазақстандық студентті бойжеткеннің досы - дағыстандық азамат сөзге келіп қалғаннан кейін терезеден итеріп жібергенін хабарлаған болатын.