Мәскеуде Никас Сафроновтың ұлы әйелді басып кетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде суретші Никас Сафроновтың некесіз туылған 25 жастағы ұлы Лука Затравкин егде әйелді көлікпен басып кетті. Нұсқалардың бірінде әйел тыйым салынған жолдан өтіп кетпекші болған.

Белгілі суретші Никас Сафроновтың ұлы пианист Лука Затравкин Мәскеуде әйелді басып кетті, оқиға салдарынан зардап шеккен әйел көз жұмды. Бұл туралы РЕН ТВ-да адвокат Сергей Жорин мәлімдеді.

Апат осы аптада, 11 наурызда, үлкен Академиялық көшеде орын алған. 25 жастағы Лука Затравкин на BMW X6 көлігімен зейнеткерді қағып кетті. Алынған жарақаттан әйел қаза тапты, деп жазды РБК.

ТАСС құқық қорғау органдарына сілтеме жасап, Затравкиннің ұсталғанын мәлімдеді.
Затравкиннің мүддесін қорғайтын адвокат Станислав Лагойко оның қорғалушысы сау болғанын, жедел жәрдемді, полицияны өзі шақырғанын мәлімдеді.
«Ол ішімдік ішпеген, қашып кетпей, жедел жәрдемді, полицияны өзі шақырды, көмек көрсетті, тергеуге жәрдемдеспек. Егер айыпты деп танылса, жазаланатын болады», - деген адвокаттың сөзін келтірді телеарна. Лука Затравкин - Никас Сафроновтың некесіз туған ұлы.