Мәскеуде Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы таныстырылды

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Ресейдегі Қазақстан елшілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры Мәскеуде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуесіздік дәуірі» кітабының тұсаукесерін өткізді.

Кітаптың таныстырылымы «Россия Сегодня» Халықаралық ақпарат агенттігінде Мәсеку-Астана видеокөпірі түрінде өтті.

Тұсакесер рәсімінде Ингушетияның бірінші президенті, Кеңес Одағының Батыры Руслан Аушев Елбасы кітабының тәжірибе есебінде өте пайдалы екендігін атап өтті және бұл туындының «болашағын ойлайтын, өзінің мемлекеті үшін жанашыр болуға ұмтылатын әр адамның» сөресінде болғанын қалайтындығын білдірді.

«Достастық кеңістігінде, алыс та жақын мемлекеттерде Нұрсұлтан Назарбаев тәрізді тәжірибелі және талантты басшы жоқ. Егер 1990 жылдан бастап қазіргі күнге дейін Қазақстан жүріп өткен жолды еске алатын болсақ - бұл алдымен Қазақстанның Тұңғыш Президентінің қажырлы еңбегінің жемісі»,- деді Р. Аушев.

Сондай-ақ ол біздің Елбасының елорданы Алматыдан  Астанаға көшіру тәжірибесінен үлгі алғандығын еске салды.

«Ол кезде мен республика президенті едім. Маған да астананы Назраньға көшіруді ұсынды. Мен Назарбаевтың тәжірибесіне сүйене отырып астананы Магасқа көшірдім. Бүгінде Магас - Ингушетия астанасы»,- деді Р. Аушев.



РФ арнайы өкілі Михаил Швыдкой өз сөзінде басқарушылықпен  айналысатындарға, қарапайым жандарға  бұл кітапты оқудың орны бөлек екендігін жеткізді.

«Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз кітабында Қазақстанның ең басты байлығы - адамдар екендігін жазады. Елдің болашағын жарқын етуге көп ұлтты Қазақстан қауқарлы»,- деді М.Швыдкой.

Сондай-ақ шығарманың тұсаукесері аясында биыл 20 жылдығын тойлағалы отырған елорданың  60-тан астам зәулім де көрікті нысандары  қойылған  «Астана - Ұлы даланың көркі» атты сурет көрмесі  ашылды. Аталған көрме бұдан кейін Бейжің, Мадрид, Париж, Лондон және Берлинде көрсетілетін  болады.