Осетиндік және әзірбайжандық сатушылардың арасынан шыққан кикілжіңнің соңы қып-қызыл төбелеске ұласып, оның барысында травматикалық тапаншадан оқ атылды.
Атыс-шабыс барысында 6 адам жараланды. Оқиға орнына жедел жеткен медиктер зардап шеккендерді ауруханаға алып кетті.
Төбелестің себебі мен оған қатысушылардың нақты санын қазір милиция анықтап жатыр. Тергеу жүргізілуде.