«Түнгі сағат екінің кезінде 02 қызметіне азаматтардан тонаушылар туралы хабарлама келіп түскен. Шақырту бойынша патруль келіп, оқиғаның мән-жайларын қарастыра бастады, жәбірленушілер күдікті адамды атады. Ер адамды ұстау кезінде жақын жерде тұрған күміс түсті шетелдік көліктен жолаушы шығып, полицейлерге қарай оқ жаудырған», - деп хабарлайды ІІМ астаналық МБ-ның баспасөз қызметінен.и
Шабуыл жасағандар мінген көлікке іздеу салынды, қалада «Ұстап алу» жоспары енгізілген.
Алдын ала мәліметтер бойынша, оқ травматикалық қарудан атылған, абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ.