Мәскеуде режиссер Сергей Говорухин көз жұмды

АСТАНА. 27 қазан. ҚазАқпарат - Мәскеуде 51 жасқа қараған шағында Ресейдің атақты киноқайраткері, танымал режиссер Станислав Говорухиннің баласы Сергей Говорухин қайтыс болды.

Бірнеше күн бойы Сергей Станиславович инсульттен кейін есінен танып жатты. Оны ауруханаға өте ауыр халде 18 қазан күні жеткізді, деп хабарлайды Life News агенттігі.