Мәскеуде робот-хирург ота жасап жатыр

АСТАНА. 20 мамыр. ҚазАқпарат - Мәскеудің медициналық қызметкерлері механикалық қолға орнатылған хирургиялық пышағы бар роботты игеріп жатыр.

Аталған жаңашылдық Н. И. Пирогов атындағы ұлттық медициналық-хирургиялық орталықта пайда болды, деп хабарлайды АзерТАдж.

Электронды хирургке "Да Винчи" есімі берілген және ол дәрігерлерге жоғары дәлдікпен күрделі оталарды жасауға мүмкіндік береді.

Аталған электронды көмекшіні кардиологияда, гинекологияда, сондай-ақ  тамыр және жалпы хирургияда тиімді пайдалануға болады.