Бір жарым сағатқа созылған пікірталас барысында шараға қатысушы қонақтардың сауалдарына сарапшылар Таяу Шығыс проблемасы мен оның әрі қарай даму үдерісіне байланысты өздерінің пайымдарын ұсынды.
Ресей ғылым академиясының профессоры, академияның Шығыстану институтының жетекшісі, М.В.Ломоносов атындағы ММУ-нің әлемдік саясаттың өңірлік проблемалары кафедрасының меңгерушісі, БҰҰ-ның Арнайы өкілінің Сирия бойынша кеңесшісі Виталий Наумкин Сирияның бөліну қауіпі туындауы мүмкіндігін айтты.
«Мұндай қауіп бар. Егер ол (жағдайдың әлсіреуі) ұзаққа созылса, ең бастысы олар сыртқы әсерлердің ықпалында болатын болса, онда әрине Сирияның бөліну қауіпі туындайды. Алайда жағдайдың бұлайша қалыптасқанын ешкім де қаламайды»,-деді сарапшы.
«Бұл мәжбүрлі шара болатын. Өйткені басқа ешкім қандай да бір бастама ұсына алмады. Дегенмен ол зорлық-зомбылықты тоқтату режимін қалыптастыруда оңды рөл атқарды»,-деп қосты Наумкин.
Сирия бойынша өзінің көзқарасын РҒА-ның Шығыстану институтының Араб және Ислам зерттеулері орталығының бас және ғылыми қызметкері Ирина Звягельская да білдірді.
«Азаматтық соғыс жүріп жатыр. Өкінішміз ба бақытымыз ба, ол жағы белгісіз, бірақ қалыптасқан көзқарас қайшылықтарын шешудің жалғыз жолы - қазіргі билікке қарсы күресіп жатқандармен диалог орнату. Олар қандай адамдар? Олар әрине, жаман адамдар. Сирияда менің пікірімше, жақсы адамдар жоқ. Ендеше кіммен сөйлесу керек ?. Қалай болғанда да бәрібір қаруларын тастатуға болатын, қандай да бір кепілдік бере алатын адамдармен сөйлесу қажет болады»,-деді сарапашы.
«Жағдайдың әлсіреуі белгілі бір адамдар тобының жекелеген аймақтарда билік орнатуына жағдай жасауы мүмкін бе? Меніңше, бізге ондағы жағдайдың әлсірегені жөн. Онда бір-біріне қарсы тұратын әскери күштер болмауы керек. Сонда ол жаққа бітімгершілік күштерді енгізуге мүмкіндік туады. Бұл мәселені де талқылаудамыз. Бірақ менің ойымша, бұл таяу арада қалыптаса қоятын жағдай емес және олар жақын арада саяси ұйымға айнала қоймайды»,-деді ол.